Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Жаулардың зұлым істерін қойдым сақтап,Қоймама салдым мөрлеп тастап, — Ал Миқая сөзін жалғастырып былай деді:— Сондықтан Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңыз! Мен Өзінің тағында отырған Жаратқан Иенің аянын көрдім. Көктегілердің бүкіл тобы Оның оң және сол жақтарында тұрды. Ал Миқая сөзін жалғастырып былай деді:— Сондықтан Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңыздар! Мен Өзінің тағында отырған Жаратқан Иенің аянын көрдім. Көктегілердің бүкіл тобы Оның оң және сол жақтарында тұрды. Құдай халықтарға билігін орнатты,Киелі тағына Ол отырып алды. Ұзиях патша қайтыс болған жылы мен аса дәріптелген, заңғар биік тағында отырған Тәңір Иенің аянын көрдім. Оның салтанатты шапанының етегі киелі үйдің ішін алып жатты. Осы пайғамбарлық сөздің бүкіл мазмұны сендер үшін мөрленіп бекітілген шиыршық кітап іспетті жабық болмақ. Егер оны сауатты біреуге тапсырып: «Маған оқып берші!» деп сұрасаңдар, ол: «Кітап шиыршықталып, мөрленгендіктен оқи алмаймын» демек. Сол кеңістіктің жоғарғы жағында саф көк асыл тастан жасалған таққа ұқсас бір нәрсе тұрды, ал оның үстінде сырт кейпі адамға ұқсас Біреу отырды. Оның денесі белінен жоғары қарай жалындап жалтыраған қоладай екенін әрі белінен төмен қарай оттай жарқырап тұрғанын көрдім. Және Оның айналасын жарқыраған нұр көмкеріп тұрды. Содан соң қарасам, маған қарай созылған бір қолды көрдім. Сол қол маған бір шиыршық кітапты ұсынып тұр екен. Жаңағы қол әлгі кітапты менің алдымда ашты. Оның екі жағына да жоқтау мен қайғы-қасіреттің сөздері жазылыпты. Ал өзің, Даниял, осы сөздерді жақсылап сақтап, сол заманның соңына дейін кітапты мөрлеп бекітіп қой. Көптеген адам оны мұқият қарап шығып, білімдері молая түсетін болады. — (Маған келген хабаршы айтқандарын осылай тамамдады.) Мен дереу Киелі Рухқа ерекше бөленіп аян көрдім: көкте бір тақ тұрды, үстінде Біреу отыр екен. Тоқты барып, тақта Отырғанның оң қолынан кітапты қабылдады. Көк пен жердегі, жер асты мен теңіздегі, яғни бүкіл әлемдегі, әрбір тіршілік иесінің былай деп ән салған даусын естідім:«Тақта Отырған және ТоқтыДәріптелу мен құрметке,Ұлылық пен құдіреткеМәңгі бақи лайықты!» Олар таулар мен құздарға жалбарынып: Үстімізге құлап түсіп, бізді тақта Отырғанның көзінен таса қылып, Тоқтының қаһарынан жасыра көріңдер! Жиналғандар қатты дауыспен былай деп мақтау айтты:— Құтқарылу тақта отырған Құдайымыз бен Тоқтының билігінде! Сондықтан олар Құдайдың тағының алдында тұрып, Оған күні-түні киелі үйінде қызмет етеді. Тақта отырған Құдай олардың арасында бірге тұрып, баспана болады. Жиырма төрт ақсақал мен төрт нөкер Өзінің тағында отырған Құдайға бас ұра жығылып: «Аумин! Лайым Жаратқан Ие мадақталсын!» — деп ғибадат етті.
Выбор основного перевода