Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Яһуда, сен жас арыстанға ұқсайсың!Ұлым, аң аулап, қайтып келе жатырсың:Ол еркек арыстан құсап қомданады,Күшігін қорғайтын ана арыстандай жатады;Оны мазалауға кімнің батылы барады? Қолынан патша таяғын еш тартып алмайды,Билік белгісі Яһуда әулетінде орнайды,Бейбітшілік Әкелуші келеді ақырында,Халықтар Оған мойынсұнып бағынады да! Кесілген ағаштың түбірі мен тамырларынан жас өркен өсіп шығады. Сол сияқты Есей ұлы Дәуіттің патшалық биліктен айырылған әулетінен шығатын бір ұрпақ күндердің күнінде қайтадан патшалық құрады. Сол заманда Есей ұлы Дәуіт патшаның «тамырынан» өскін іспетті шыққан Ұрпақ халықтарға арнап тігілген ту сияқты белгі болады. Басқа ұлттар Оған бет бұрып, үмітін артады. Оның тынығып демалатын орны салтанатты да құрметті болады. Ыбырайым атаның ұрпағы Дәуіт патшаның әулетінен шыққан Иса Мәсіхтің ата-тегінің шежіресі былай құралған: Ал Ишая пайғамбар мынадай сөздерді жазып қалдырған: Есей ұлы Дәуіт патшаның «тамырынан» өскін іспетті шыққан Ұрпақ халықтарға билік құрады. Басқа ұлттар Оған үмітін артады. Иеміздің Яһуда руынан шыққандығы белгілі. Сол рудың діни қызметі туралы Мұса пайғамбар еш нәрсе айтпаған болатын. Мен, Иса, осы хабарларды қауымдардағы сендерге жеткізу үшін періштемді жібердім. Мен Дәуіт патшаның әулетінен шыққан, «таңғы жарық Жұлдызбын», — деді.
Выбор основного перевода