Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қайтып келген екі елші қауымды жинап, өздері арқылы Құдайдың не істегенін, әсіресе, басқа ұлттардың Мәсіхке сенуіне жол ашқанын түгел айтып берді. Өйткені осында өнімді еңбек етуіме есік айқара ашық, ал қарсыластарым да аз емес. Біз үшін де мінажат етіңдер: Құдай өз хабарын уағыздауымызға жол аша көрсін, осылай Мәсіх туралы құпияны жариялай алайық. Сол үшін де бұғауда отырмын. Мен сенің (істерің мен) шеккен азаптарыңды әрі жұтаң күйіңді білемін. Ал шынында сен рухани байсың! «Яһудиміз» (яғни Құдайдың халқымыз) дейтіндердің сен туралы айтқан ғайбат сөздерін де білемін. Шын мәнісінде олар «шайтанның мәжілісханасы». Болашақта басыңнан кешетіндеріңнен қорықпа! Рас, шайтан кейбіреулеріңді түрмеге салып, сынамақ, ал көретін азаптарың он күнге ғана созылады. Өлімге дейін Маған адал бол, сонда саған «мәңгілік өмір тәжін» сыйлаймын. Құлағы барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын! Жеңіп шыққан әркім «екінші өлімнен» зиян көрмейді. Перғамдағы қауымның періштесіне былай деп жаз:Бұл — екі жүзі де өткір семсері Бардан хабар. Мен сенің (істеріңді және) «шайтанның тағы» орналасқан жерде тұратыныңды білемін. Бірақ Менің атымды ұстанып келесің. Адал хабаршым Антипас сенің қасыңда, яғни әзәзіл шайтанның тұрағында, өлтіріліп шейіт болған кезде де Маған деген сеніміңнен бас тартпадың.
Выбор основного перевода