Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан ашулана зекіп, тіл қатады,Қаһар шашып, зәрелерін ұшырады: Себебі сол уақытта әлем жаратылғаннан бері күні бүгінге дейін еш болмаған және қайтып болмайтын қиын-қыстау кезең бастарыңа түседі. Табанды болыңдар, сонда шынайы өмірге жетесіңдер! Енді біз әлі де орындалмаған нәрсеге үміт артқандықтан, оны сабырмен сағына күтеміз. Киелі жазбалардағы осындай сөздердің бәрі бізге тәлім болсын деп ежелде жазылып қалдырылды. Керемет болашағымыздан үміт үзбеуіміз үшін Киелі жазбалар арқылы табандылық пен жігерлілікке үйренеміз. Сендер әлі күнге дейін қатты сыналған жоқсыңдар, еліктірген жағдайлар әдетте адамдардың бастарына түсіп жүргендегідей ғана болып келді. Ал Құдай Өзінің уәдесіне берік: Ол төзімдеріңнен артық сыналуларыңа жол бермейді. Еліктірілген кездеріңде соған шыдауға күш-қуат беріп, құтылып шығудың лайықты жолымен қамтамасыз етеді. Ал Құдайдың заңына қарсы тұрушы кісі келгенде, шайтанның әрекетіне сай зор күш-қуат, әр түрлі алдамшы ғажайып істер мен кереметтер көрсетпек. Егер қиыншылықтарға төзе берсек,Онымен бірге патшалық ететін де боламыз.Ал егер Мәсіхті мойындаудан бас тартсақ,Ол да бізді мойындаудан бас тартпақ. Құдайдың еркін орындап, Оның уәде еткенін иемдену үшін төзімді болуларың қажет. Бауырластарым менің, сендер алуан түрлі қиын сынақтарға ұшырағанда, бұл жайтты зор қуанышпен қабылдаңдар. Қиын сынақты төзімділікпен басынан өткізіп жатқан әркім бақытты! Содан өтіп, сенімді екендігі дәлелденгеннен кейін, ол бәйге жүлдесіндей «шынайы өмірдің тәжін» иемденбек. Мұны Жаратқан Ие Өзін сүйгендерге сыйлауға уәде етті. Күнәға еліккен ешқайсың да: «Құдай мені еліктіреді» деп айтпаңдар! Құдай күнәға еш елікпейді де, ешкімді еліктірмейді де. Қайта, адамды өзінің құмарлықтары еліктіріп, ол солардың жетегінде кеткенде сынақтан өтеді.
Выбор основного перевода