Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай құлатса, ешкім қайта тұрғыза алмайды. Ол тұтқындаса, ешкім босата алмайды. Оның қолына Дәуіттің әулеті тұратын сарайдың кілтін табыстаймын. Ол ашқанды ешкім жаппайды, ол жапқанды ешкім ашпайды. Ол өте мәртебелі болып, Құдай Тағаланың рухани Ұлы деп аталады. Құдай Ие Оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды. Иса оған:— Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды. Қасиетті және әділ Кісіден бас тартып, бір қанішердің босатылуын талап еттіңдер; Құдайдың рухани Ұлының келгенін де білеміз; біздің шынайы Құдаймен танысуымыз үшін Ол көзімізді ашты. Сондықтан шынайы Құдаймен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхпен байланыстамыз. Ол — шынайы Құдай және мәңгілік өмір. әрі Мәңгі Тірімін. Мен өлген едім, ал енді мәңгілік өмір сүремін. Өлімнің де, о дүниенің де кілттері Менде.
Выбор основного перевода