Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Откровение
Параллельные места
Адамға Құдай Ие былай деді: «Әйеліңнің тілін алып, Мен тыйым салған ағаштың жемісінен жеген сенің кесіріңнен жердің топырағын қарғыс атты! Бұдан былай тамағыңды өмір бақи бейнет шегіп топырақтан өсіріп жейтін боласың. Исраил күнә жасады! Олар Мен өздеріне сақтауға бұйырған Келісімімді бұзды: Маған бағышталған заттардан ұрлап, иемденіп алды да, соларды өз меншіктерінің арасына жасырып қойды! Халық Иерусалимге қоныстанып, қала енді қайтып қарғысқа ұшырап қиратылмайды. Осылай Иерусалимнің халқы аман-есен тұратын болады. Сондықтан олар Құдайдың тағының алдында тұрып, Оған күні-түні киелі үйінде қызмет етеді. Тақта отырған Құдай олардың арасында бірге тұрып, баспана болады.
Откровение
Выбор основного перевода