Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Откровение
Параллельные места
Құдай Ие көз тартарлық, жеуге жақсы жеміс беретін әр түрлі ағаштарды жерден өсіріп шығарды. Бақтың ортасында «мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаш» және «жақсылық пен жамандықты танытатын ағаш» та өсіп тұрды. Сонан соң Құдай Ие былай деді: «Міне, адам ненің жақсы, ненің жаман екенін біліп, Біз сияқты болды. Енді ол қолын созып, мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаштың жемісін алып жеп, мәңгі өмір сүріп жүрмесін». Құдай Иеміздің бүгін өздеріңе тапсырып отырған осы өсиеттеріне ештеңені қоспай, ештеңені алып та тастамай, оларды берік сақтайтын болыңдар! Сонымен мен айтқан бұйрықтардың барлығын мұқият орындаңдар, оларға еш нәрсені не қосып, не алып тастаушы болмаңдар! Оның сөздеріне еш нәрсе қоспа,Әйтпесе Ол саған ескертіп ұрсар,Өтірігің ашылып жария болар. Өзеннің екі жағасында да әр түрлі жеміс ағаштары өсетін болады. Олардың жапырақтары еш қурамайды, жемістері де таусылмайды. Киелі орыннан шыққан су оларға ағып келетіндіктен, сол ағаштар әр ай сайын жеміс беріп тұратын болады. Олардың жемістері халыққа тамақ, жапырақтары дәрі-дәрмек болады». Жарқыраған аппақ бәтестен киім киіп, кеуделеріне алтын аспа бау таққан жеті періште киелі үйден шықты. Жеті пәленің билігі соларда еді. Аспаннан адамдардың үстіне салмағы жүз қадақтай дәу тастар жауды. Сонда да адамдар сол ғаламат қорқынышты пәле, яғни тас бұршақ жаудырғаны, үшін Құдайды балағаттап, тілдеді. Ол қала көшесінің ортасымен төменге қарай ағады. Өзеннің әр жағасында өсіп тұрған мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаш ай сайын, жылына он екі рет, жеміс береді. Ал жапырақтары халықтарды сауықтыруға арналған. Шапандарын таза жуып, осылайша мәңгілік өмір ағашының жемісін жеп, қақпалары арқылы қалаға ену құқығына ие болғандар бақытты!
Откровение
Выбор основного перевода