Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Откровение
Параллельные места
Бақты суландыратын өзен Едемнен ағып шығып жатты, ол әрі қарай төрт тармаққа бөлініп кететін. (Мен көрген көріністе) әлгі хабаршы мені киелі үйдің кіреберісіне қайтадан алып барды. Міне, киелі үйдің табалдырығының астынан су шығып ағып жатыр екен! Су шығысқа қарай ағып жатты, өйткені киелі үй шығыс жаққа қарай орналасқан. Содан бұлақ үйдің және құрбандық үстелінің оңтүстік жағынан өтіп шықты. Сол күні таулардан тәтті шырын тамшылап, төбелерден сүт ағатын болады, Яһуданың барлық жылғаларында су ағады. Жаратқан Иенің киелі үйінен басталған бұлақ Аққараған аңғарын суға кенелтеді. Сол күннен бастап Иерусалимнен тірі су ағып шығып, бір жартысы шығыстағы Өлі теңізге, екінші жартысы батыстағы Жерорта теңізіне ағып кететін болады. Ағысы қысы-жазы толастамайды. Тақтың алды мөлдір кристалл іспетті шыны теңізге ұқсады.Тақты қоршай, оның ортаңғы баспалдағында төрт нөкер бар еді. Олардың денелерінің алды-артында көптеген көздері болды.
Откровение
Выбор основного перевода