Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие — Исраилдің Патшасы мен азат еткен Қамқоршысы әрі Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін, Менен өзге құдай жоқ! «Ей, Жақыптың ұрпақтары, Мен өз халқым болуға шақырған Исраил, сөзіме құлақ түріңдер! Мәңгі тірі Жаратқан Иемін, Алғашқы да, Соңғы да Менмін. Сол күннен бастап Иерусалимнен тірі су ағып шығып, бір жартысы шығыстағы Өлі теңізге, екінші жартысы батыстағы Жерорта теңізіне ағып кететін болады. Ағысы қысы-жазы толастамайды. Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін Құдай Ие: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін!» — дейді.
Выбор основного перевода