Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай мені сол жерге алып келгенде, қала қақпасының маңында тұрған біреуді көрдім. Оның түрі қолаға ұқсады, қолында зығыр жіп пен өлшеуіш таяқ бар еді. Содан кейін қарасам, ғибадатхана тұрған жерді айнала қабырға салынған екен. Әлгі хабаршының қолындағы өлшеуіш таяғының ұзындығы алты шынтақ болды. Ол қолданып жүрген ұзындау шынтақ — бір қалыпты шынтақ және қосымша бір тұтам болатын ұзындық өлшемі. Хабаршы қабырғаның қалыңдығы мен биіктігін де өлшеді: екеуі де бір-бір өлшеуіш таяқтан болып шықты. Хабаршы мені киелі үйдің бағаналы кіреберісіне алып келді де, бағаналы кіреберістің екі жағындағы қабырғаларын өлшеді. Олардың ені бес шынтақтан, кіреберістің өз ені он төрт шынтақ және оның екі жағындағы шығыңқы қабырғалардың қалыңдығы үш шынтақтан болып шықты. Содан кейін біреу маған бір өлшеуіш қамыс таяқты беріп, былай деді:— Бар да, Құдайдың киелі үйін және ондағы түтету үстелін өлшеп, сол жердегі ғибадат етіп жатқандардың санын есепте!
Выбор основного перевода