Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Асыл тастардың саны он екі болсын, Исраилдің әрбір ұлы үшін бір тастан. Осылай әр тасқа Исраилдің бір руының аты мөр жасайтын зергер мәнерімен ойылып жазылсын. «Қаладан шығатын жерлер мыналар: Қаланың қақпалары Исраил руларының аттарымен аталсын. Ұзындығы төрт мың бес жүз шынтақ болатын солтүстік жағында қаланың үш қақпасы болады. Олардың аттары: Рубен, Яһуда, Леуі қақпалары. Ұзындығы төрт мың бес жүз шынтақ болатын шығыс жақтағы үш қақпаның аттары: Жүсіп, Бунямин, Дан қақпалары. Ұзындығы төрт мың бес жүз шынтақ болатын оңтүстік жақтағы үш қақпаның аттары: Шимон, Исашар, Забулон қақпалары. Ұзындығы төрт мың бес жүз шынтақ болатын батыс жақтағы үш қақпаның аттары: Ғад, Ашир, Нафталим қақпалары. Қала шегінің айналдыра ұзындығы он сегіз мың шынтақ болмақ.Сол кезден бастап, қаланың аты «Жаратқан Ие осында тұрады!» деп аталмақ».
Выбор основного перевода