Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер бұлар барлық адамдар іспетті көз жұмып ақ өліммен өлетін болса, онда Жаратқан Иенің мені жібермегені. Қаһарынан Оның түтін шықты,От лаулап аузынан жалын атты,Ыстық шоқ ішінен атқылады. Ілияс оған жауап беріп:— Егер мен Құдайдың адамы болсам, аспаннан от түсіп, сені елу жауынгеріңмен қоса жалмап қойсын! — деді. Сонда аспаннан от түсіп, оның өзін де, елу адамын да жалмап қойды. Енді патша басқа бір елубасын елу жауынгерімен бірге жіберді. Елубасы Ілиясқа бұйырып:— Ей, Құдайдың адамы! Патша саған: «Тез төмен түсіп, өзіме кел!» деп әмір етті, — деді. Ілияс жауап беріп:— Егер мен Құдайдың адамы болсам, аспаннан от түсіп, сені елу жауынгеріңмен қоса жалмап қойсын! — деді. Сонда аспаннан от түсіп, оның өзін де, елу адамын да жалмап қойды. Жаратқанның алдында от жүреді,Айналдыра ол жауларын құртып өртейді. Қайта, жарлыларға әділдікпен төрелік айтып, жердің жапа шеккендерінің заңды мүдделерін қорғайды. Оның аузынан шыққан үкімдер осы дүниеге дүре соққан таяқ сияқты: айтқан әмірлерімен зұлымдардың көздерін құртады. Сондықтан Әлемнің Әміршісі Құдай Ие маған былай деді: «Мына халықтың осындай сөздерді айтқандары үшін Мен сенің аузыңдағы сөздерімді от, ал халықты отын қыламын. Олар бұл оттан тұтанып лапылдап жанатын болады!»
Выбор основного перевода