Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Неге халықтар жатыр бас көтеріп,Ұлттар іске аспайтын жоспарлар құрып? Содан ашулана зекіп, тіл қатады,Қаһар шашып, зәрелерін ұшырады: Ұлының аяғын сүйіп бағыныңдар!Әйтпесе Ол кәрленіп, көздеріңді құртпақ,Ашуы лезде жалындай лауламақ.Ал Оған сенгендер бақытты болмақ. Халықтар абыржи толқып,Патшалардың тақтары шайқалады,Алла Тағаланың үні естіліп,Бүкіл жер беті балқып жоқ болады. Жаратқан Иеміз патшалық құрады,Керубтер арасындағы «тағында» отырады.Халықтар Оны қастерлеп қалшылдасын,Жер де Тәңір Иеден қорқып шайқалсын! Жаратқан Өзін қастерлейтін жандарды —Үлкенді-кішілі бәрін де жарылқайды. Патшаларымызға, әміршілеріміз бен ақсақалдарымызға, жалпы, еліміздің бүкіл халқына Сенің хабарларыңды жеткізген қызметшілерің — пайғамбарларды да тыңдамай кеттік. мойынсұнбадық. Құдайымыз Жаратқан Ие, Өзіңнің қызметшілерің — жіберген пайғамбарларың арқылы берген тәліміңнің тура жолымен жүрген де жоқпыз. Алайда Менің Өзіме қызмет етіп жүрген пайғамбарларым арқылы жеткізген сөздерім мен шешімдерім ата-бабаларыңның бастарына түсті ғой! Сонда олар теріс жолдарынан қайтып: «Әлемнің Иесі бізге жүрген жолдарымыз бен істеген істерімізге сай істеді. Ол қалай ниеттеніп, алдын ала айтқан болса, солай істеді», — деп мойындады. Бірақ сен жүрегіңді қасарыстырып теріс жолдан қайтудан қыңырлана бас тартасың. Осылай Құдайдың қаһары төгіліп, әділ үкімі жарияланатын күні өзің тартатын жазаңды ауырлатасың. Олардың қаһарын шашатын күні жетті, енді кім соған төзе алады?!» — деді. Айуан барлық адамдарды: үлкенді-кішілі, бай-кедей, құл-еріктіні не оң қолын, не маңдайын таңбалауға мәжбүр етті. Сол ерекше періште қатты дауыспен:— Құдайды терең қастерлеп, даңқтаңдар, Оның ұлылығын дәріптеп мадақтаңдар! Себебі Оның адамзатты соттайтын уақыты туды. Көк пен жерді, теңіз бен су көздерін жаратқан Құдайға бас ұрып ғибадат етіңдер! — деп жар салды. Оның үкімдері шынайы да әділ. Ол азғындығымен жер бетін бүлдірген аты шулы опасыз әйелді соттап, үкімін шығарды. Құдай өз қызметшілерінің төгілген қанының құнын одан талап етті». Алайда айуан және оған қызмет етіп кереметтер көрсеткен жалған пайғамбар екеуі де кенеттен тұтқынға алынды. Сол бір таңғажайып кереметтер арқылы жалған пайғамбар айуанның таңбасын қабылдап, оның мүсініне құлшылық еткендерді еліктіріп, алдап жүрген болатын. Айуан мен жалған пайғамбар екеуі де күкірт жанып жатқан, мәңгі сөнбейтін отты көлге (яғни тозақ отына) тірідей лақтырылды. Бұдан кейін мен бір үлкен ақ түсті тақты және оның үстінде Отырғанды көрдім. Оның қасынан жер мен көк қашып, оларға орын табылмады.
Выбор основного перевода