Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі зор қайрат-жігерім мен лаулаған қаһарыма кенеліп мынаны жариялаймын: Еш күнәмсіз сол күні Исраил елінде үлкен жер сілкінісі болады. Теңіздегі балықтар, әуедегі құстар, даладағы аңдар, жер бетінде жорғалап жүретін жәндіктер және онда тұратын барлық адамдар көз алдымда діріл қағып, таулар төмен құлап, құздар күйреп сынып, әрбір қабырға жерге опырылып түседі. Мұнан кейін осы құпияның шешімі Даниялға түнгі көрініспен ашылды. Сонда Даниял Құдайды мадақтап Дегенмен Сардтағы сендердің араларыңда арамданбаған бірқатарың бар. Олар аппақ киім киіп, Менімен бірге жүретін болады. Себебі олар соған лайық. Тоқты алтыншы мөрді сындырып ашқанда қарасам, жер қатты сілкініп, күн қалың қара жамылғымен жабылғандай түнекке, ал ай түгелдей қан қызыл түске айналыпты! Сол ерекше періште қатты дауыспен:— Құдайды терең қастерлеп, даңқтаңдар, Оның ұлылығын дәріптеп мадақтаңдар! Себебі Оның адамзатты соттайтын уақыты туды. Көк пен жерді, теңіз бен су көздерін жаратқан Құдайға бас ұрып ғибадат етіңдер! — деп жар салды. Алайда олар өздерінің жаман қылықтарына өкініп, қайтпады; керісінше, аурулары мен іріңді жараларына бола көктегі Құдайға тіл тигізді. Сонда найзағай жарқылдап, мықты гүріл естіліп, күн күркіреп, жер қатты сілкінді. Адамзат дүниеде өмір сүргелі ешқашан мұндай жер сілкінісі болып көрмеген еді: бұл барлығынан да қатты жер сілкінісі болды.
Выбор основного перевода