Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біреуге қарсы зұлымдық ойластырмаңдар, жалған ант беруге салынбаңдар! Мен осылардың бәрін жек көремін!» — деп ескертеді Жаратқан Ие. Олардың осы ойларын білген Иса:— Жікке бөлініп, өзара соғысып жатқан әрбір патшалық жойылып, бос қалады. Өзара ұрысып-керісіп жататын әр қала не үй де құрып кетеді, — деді. Бірақ Иса олардың бұл ойларын біліп, қолы семген адамды: «Түрегеліп, ортаға шықшы!» — деп шақырды. Ол тұрып, ортаға шықты. Олардың жүрек түкпірлеріндегі ойларын ұққан Иса бір кішкентай баланы алып, жанына тұрғызып қойып былай деді: Бірақ олардың бұл ойларын біле қойған Иса былай деп жауап қайырды:— Жікке бөлініп, өзара соғысып жататын әрбір патшалық жойылып, бос қалады. Өзара ұрысып-керісіп жататын әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді. Ол адам баласының көңіліндегісін толық білгендіктен, біреудің Өзіне ол туралы мәлімет беруін қажет етпеді.
Выбор основного перевода