Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иса сол жерден кетіп бара жатып, салық кеңсесінің қасында отырған Матай есімді салықшыны көрді. Оны: «Соңымнан ер!» — деп шақырды. Сонда Матай орнынан тұрып, Исаға шәкірті болып ерді. Иса:— Қарындас, сенімің ғаламат зор екен! Тілегенің болсын! — деді. Сол сәтте-ақ оның қызы сауығып кетті. Иса оған:— Жүре бер, сен сенімің арқылы құтқарылдың, — деді. Сол сәтте-ақ оның көзі ашылып, көретін болды! Содан Бартімей Исаға еріп жолға шықты. Бірақ Иса әйелге:— Сен сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, — деді. самариялыққа қарап: — Тұр да, жөніңе жүре бер. Сен сенімің арқылы құтқарылдың! — деді. Иса оған:— Көзің көретін болсын! Сен сенімің арқылы құтқарылдың, — деді. Ал енді, өздерің танып, көріп жүрген мына кісіге Исаның құдіреті күш-қуат беріп сауықтырды. Өйткені Оның есіміне сендік. Иә, Иса берген сенім сендердің көз алдарыңда оның денсаулығын түгелімен қалпына келтірді.
Выбор основного перевода