Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Иса бүкіл Ғалилея аймағын аралап жүріп, мәжілісханаларында тәлім берді. Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды уағыздап, адамдарды барлық ауру-сырқауларынан сауықтырды. Иса он екі шәкіртін тағы да қасына шақырып алып, оларға жындарды қуып шығаратын әрі барлық ауру-сырқауды сауықтыратын билік берді. Иса алуан түрлі аурулармен азап шеккен талай науқастарды сауықтырып, көптеген жындарды қуып шығарды. Өзінің Мәсіх екенін жындар білгендіктен, Иса оларды сөйлетпей тастады. Бұдан кейін Иса бүкіл Ғалилея аймағын аралап жүріп, мәжілісханаларында уағыз айтты, әрі адамдардың бойындағы жындарды қуып шығарды. әрі жұрттың сенбеушілігіне таңғалды.Бұдан кейін Иса сол өңірдегі ауылдарды аралап, халыққа тәлім берді. Сол сәтте Иса көптеген адамдарды ауру-сырқауларынан сауықтырып, қинаған жындарынан арылтып, көп соқырларға рақым көрсетіп көздерін ашып жатты. Мұнан кейін Иса Иерусалим қаласына қарай сапар шегіп бара жатып, жолындағы қалалар мен ауылдарды аралай жүріп, жұртқа тәлім берді.
Выбор основного перевода