Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Теңіз толқынының гүрілін тыншыттың,Халықтардың шуылын тыныштандырдың. Уа, Ием, буырқанған теңізге билік айтасың,Көтерілген толқындарын тыншытасың. Ол бұйрық беріп, қатты дауыл жіберді,Зәулім биік толқындарды көтерді. Кеме аспанға көтеріліп, жоғары шықты,Тұңғиыққа құлағандай төмен түсті,Қауіптен адамдардың үрейлері ұшты, Маскүнемдей тәлтіректеп шайқалысты,Не істерін білмей сапырылысты. Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды,Иеміз оларды қасіреттен құтқарды. Ол дауылды басып, саябырсытты,Теңіздің толқындарын да тыншытты. Дауыл басылғанда адамдар қуанды,Аңсаған кемежайына Ол бастап апарды. Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін,Адамдарға істеген кереметтері үшін, Ал енді, бүгін далада өсіп тұрған, ертең отқа тасталатын шөпті Құдай солай киіндірсе, сендерді, әлбетте, одан бетер киіндірмей ме, сенімі аздарым-ай! Иса дереу қолын созып, демеп жіберіп:— Әй, сенімі азым-ай! Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді. Иса оларын біле қойып, былай деп сұрады:— Сенімі аздарым-ай, неге сендер нанымыз жоқ деп пікірлесіп отырсыңдар?
Выбор основного перевода