Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иса бұрылып, оны көріп: «Қарындас, жігерлен, сенімің арқылы құтқарылдың!» — деді. Әйел сол сәтте-ақ сауығып кетті. Иса үйге кіргеннен кейін сол екі зағип Оның қасына келді. Иса:— Менің солай істей алатыныма сенесіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар:— Иә, Тақсыр, сенеміз, — деп жауап берді. Сонда Иса:— Сенімдеріңе сай болсын! — деп, көздеріне саусағын тигізді. Иса:— Қарындас, сенімің ғаламат зор екен! Тілегенің болсын! — деді. Сол сәтте-ақ оның қызы сауығып кетті. Бірақ Иса әйелге:— Сен сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, — деді. Иса оған:— Қарындас, сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, — деді. Бірақ мұны естіген Иса Жайырға:— Қорықпа, тек сенімің болсын, сонда қызың аман қалады, — деді. Сонда ол қызметшілерінен баласының жағдайы қай сәтте жақсарғанын сұрады. Олар:— Кеше түс кезінде сағат бірде ыстығы қайтты, — деді.
Выбор основного перевода