Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға нұсқау беріп былай деді: — Егер біреудің денесінде жұқпалы тері ауруы бола алатын ісік, бөртпе немесе ақтаңдақ пайда болса, ол діни қызметкер Һаронның немесе оның діни қызмет атқарушы ұлдарының біреуінің алдына әкелінсін. Діни қызметкер сол адамның терісіндегі жараны қарап шықсын. Егер жараның орнындағы түк ағарып кеткен және жара ойық болса, онда бұл — жұқпалы тері ауруы. Бұл жағдайда діни қызметкер терісінің осындай екенін анықтаған адамды таза емес деп жарияласын. Ал егер оның терісіндегі дақтың түсі ақ болғанмен, дақ теріден ойық орналасқан болмаса, әрі жара бетіндегі түк ағарып кетпесе, онда діни қызметкер терісінде жара бар адамды жеті күнге басқалардан бөлектесін. Жетінші күні діни қызметкер оны қайтадан қарап шықсын. Егер терісіндегі жараның көлемі ұлғаймай, сол қалпында қалған болса, онда діни қызметкер сол адамды тағы жеті күнге бөлектесін. Жетінші күні діни қызметкер оны қайтадан қарап шықсын. Егер жара көмескіленіп, теріге жайылмаса, діни қызметкер оны таза деп жарияласын. Бұл — жай бөртпе ғана. Адам киімдерін жусын, содан кейін таза болып саналады. Бірақ егер адам діни қызметкерге қаралып, таза деп жарияланғаннан кейінгі уақытта терісіндегі бөртпелері қайтадан ұлғайып, жайыла бастаса, онда ол діни қызметкердің алдына қайтып келуі керек. Діни қызметкер оны тағы да қарап шықсын. Егер терісіндегі бөртпелер ұлғайып жайылған болса, онда ол сол адамды таза емес деп жарияласын. Бұл — алапес ауруы. Егер біреу жұқпалы тері ауруымен ауырса, оны діни қызметкердің алдына алып келсін. Діни қызметкер адамды қарап шықсын. Егер оның терісіндегі ісік ақтаңдақ болып, әрі сол жердің түгі ағарып кетіп, ісіктен қызыл ет көрініп тұрса, бұл — созылмалы алапес. Сондықтан діни қызметкер әлгі адамды таза емес деп жариялап, оны басқалардан бөлектесін. Себебі ол ауруының кесірінен таза емес деп саналады. Егер ауру адамның бүкіл терісіне жайылып, діни қызметкер оның басынан аяғына дейін бірде-бір сау жер көре алмай, алапестің оның бүкіл денесіне жайылып кеткенін көрсе, онда діни қызметкер оны таза деп жарияласын. Өйткені толығымен ағарғаны себепті ол таза деп саналады. Бірақ егер жарадан қызыл ет көрініп тұратын болса, ол таза емес деп есептеледі. Діни қызметкер оның қызыл етін көргенде-ақ оны таза емес деп жарияласын. Қызыл ет сол адамның жұқпалы алапеспен ауыратынын, таза емес екенін білдіреді. Ал егер қызыл ет өзгеріп, ағарып кетсе, адам қайтадан діни қызметкерге баруы керек. Ол ауру адамды қарап шығып, қызыл еттің ағарып кеткенін көрсе, оны таза деп жарияласын. Сонда адам таза болады. Егер біреудің терісіне шиқан шығып, ол жазылып кетсе және шиқан орнында ақшыл ісік не ақшыл-қызғылт дақ пайда болса, ондай адам діни қызметкерге көрінуі керек. Діни қызметкер адамды қарап шықсын. Егер шиқанның орнына шыққан нәрсе теріден ойық орналасқан болып көрінсе және ондағы түк ағарып кеткен болса, діни қызметкер адамды таза емес деп жариялауы керек. Бұл — шиқанның орнында пайда болған жұқпалы тері ауруы. Бірақ діни қызметкер оны қараған кезде дақтағы түктің ағармағанын, әрі сол жердің теріден ойық орналаспай, көмескіленгенін көрсе, әлгі адамды жеті күнге бөлектесін. Егер осы аралықта ісік теріде кең жайыла бастаса, діни қызметкер сол адамды таза емес деп жарияласын. Бұл — жұқпалы жара. Ал егер дақ сол күйінде қалып, теріге жайылмаса, демек, бұл — шиқанның тыртығы ғана. Діни қызметкер адамды таза деп жарияласын. Егер біреу терісін күйдіріп алып, жазылған күйіктің орнында ақшыл не қызғылт дақ пайда болса, діни қызметкер дақты қарап шықсын. Егер ондағы түк ағарып кетсе және дақ теріден ойық орналасқан болып көрінсе, демек, бұл — терінің күйген орнына шыққан алапес. Діни қызметкер сол адамды таза емес деп жарияласын, себебі бұл — алапестің жарасы. Бірақ діни қызметкер оны қараған кезде дақтағы түктің ағармағанын, оның теріден ойық орналаспай, көмескіленгенін көрсе, онда ол адамды жеті күнге бөлектесін. Жетінші күні діни қызметкер оны қайтадан қарап шықсын. Егер дақ теріде кең жайылған болса, ол адамды таза емес деп жарияласын. Бұл — алапестің жарасы. Ал егер дақ сол қалпында қалып, теріге жайылмай, көмескіленсе, онда бұл — күйіктен пайда болған ісік. Діни қызметкер оны таза деп жарияласын, себебі бұл — күйіктен қалған тыртық қана. Егер еркектің не әйелдің басында не иегінде жара болса, онда діни қызметкер сол жараны қарап шықсын. Егер жара теріден ойық орналасса және ондағы түк сарғайып жұқарса, діни қызметкер сол адамды таза емес деп жарияласын. Бұл — қотыр, бастағы не иектегі жұқпалы тері ауруы. Бірақ діни қызметкер осындай қотыр жараны қарап шығып, оны теріден ойық орналаспаған және ондағы түкті қара емес деп тапса, онда діни қызметкер жұқпалы қотыры бар адамды жеті күнге бөлектеуі керек. Жетінші күні діни қызметкер жараны тағы да қарап шықсын. Егер қотыр жайылмаса, онда сары түсті түк пайда болмаса және жара теріден ойық болып көрінбесе, онда адамның қотыры бар жерінен өзге бүкіл жерлеріндегі түкті қырып алып тастау керек. Діни қызметкер адамды тағы жеті күнге бөлектесін. Жетінші күні діни қызметкер қотырды қарап шықсын. Егер сол қотыр теріге жайылмаған болып шықса және теріден ойық болып көрінбесе, онда діни қызметкер оны таза деп жарияласын. Қотыры бар адам киімдерін жусын, содан соң ол таза болады. Алайда ол таза деп жарияланғаннан кейінгі уақытта қотыры теріге қайтадан жайыла бастаса, діни қызметкер оны тағы да қарап шықсын. Егер қотыр теріге жайылған болса, онда ол сарғайған түкті іздемесе де болады. Сол адамның таза емес екені анық. Ал егер діни қызметкерге ана адамның қотыр дағы өзгермегендей көрініп, дақ үстіне қара түк шыққанын көрсе, демек, қотырдың жазылғаны. Бұл адам таза, діни қызметкер оның таза екенін жарияласын. Егер әйел болсын, еркек болсын, біреудің терісінде ақ дақтар пайда болса, онда діни қызметкер оларды қарап шығуы керек. Егер дақтардың түсі ақшыл сары болса, онда бұл — терідегі зиянсыз ақтаңдақ, ондай адам — таза. Егер ер адамның басындағы шашы таздықтан түсіп, айна таз болып қалса, ол бәрібір таза күйі қалады. Егер оның басының алдыңғы жағындағы шашы таздықтан түсіп қалса, ол қасқа таз. Бірақ оның айна таз басында немесе қасқа таз маңдайында ақшыл-қызыл жара пайда болса, онда оның басында немесе маңдайында жұқпалы аурудың бар болғаны. Діни қызметкер оны қарап шықсын. Егер маңдайындағы не басындағы ісіп тұрған жарасы жұқпалы аурудың жарасындай ақшыл-қызыл болса, онда сол адамда жұқпалы ауру бар. Оның басында пайда болған жарасына бола діни қызметкер оны сөзсіз таза емес деп жариялауы керек. Осындай жұқпалы аурумен ауырған адам көйлегінің өңірін айыра жыртып, шашын жинамай жайып жіберіп, бетінің төменгі бөлігін жауып алып, «Таза емеспін! Арамданғанмын!» деп айқайлап жүретін болсын. Адам жұқпалы ауруынан айықпайынша таза емес қалпы қала береді. Ол ел қонысының сыртында оңаша тұруға тиіс. Иса оларға осыны айтып отырғанда, Оның қасына бір мәжілісхана жетекшісі келді. Жетекші Исаға тізе бүгіп тағзым етіп: «Қызым жаңа ғана қайтыс болды! Бірақ Сіз барып, қолыңызды тигізе көріңізші. Сонда ол тіріледі», — деп өтінді. Әйел Оның алдына келіп, иіліп тағзым етіп:— Тақсыр, маған көмектесе көріңіз! — деп жалынғанда, Сонда қызметкер патшаның аяғына жығылып: «Тақсыр, маған сәл мұрсат бере көріңіз, мен бәрін де төлеймін!» деп жалынады. Сол уақытта Зебедейдің әйелі ұлдарын ертіп Исаның қасына келді. Әйел бір өтініш білдірмек болып Оған тізе бүгіп тағзым етті. Иса: — Ием, Сізге сенем! — деп, әлгі адам Оның аяғына жығылды.
Выбор основного перевода