Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай және өзге де аспаптарда орындалған күйлерді де ести сала, Набуходоносор патша тұрғызған алтын мүсіннің алдында бастарыңды жерге жеткенше иіп тағзым етіңдер! О, патша, сіз «Әрбір адам керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай және өзге де аспаптарда орындалған күйлерді ести сала алтын мүсіннің алдында басын жерге жеткенше иіп тағзым етсін! Ендеше мойынсұнуға дайын болсаңдар, онда керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай және өзге де аспаптарда орындалған күйлерді ести сала, бастарыңды жерге жеткенше иіп, өзім жасатқан алтын мүсінге тағзым етіңдер! Бірақ егер иіліп тағзым етпесеңдер, бірден лаулап жанып тұрған пешке лақтырыласыңдар! Сонда қандай құдай сендерді менің қолымнан құтқарып алар екен?! Үйге кіргенде анасы Мәриямның қасындағы Нәрестені көрген ғұламалар жерге жүгіне кетіп, Оған иіліп ізет білдірді. Содан олар алып келген сандықшаларын ашып, Сәбиге сый-тартуларын: алтын әрі жұпар шайыр мен мүр атты хош иісті заттарды ұсынды. Сонда қызметкер патшаның аяғына жығылып: «Тақсыр, маған сәл мұрсат бере көріңіз, мен бәрін де төлеймін!» деп жалынады. әрі жүрек түкпіріндегі құпиялары ашылады. Сонда ол Құдай алдында бас ұра ғибадат етіп: «Шынымен араларыңда Құдай бар!» деп мойындайтын болады. жиырма төрт ақсақал Оның алдына бас ұра жығылып, мәңгі тірі Оған тағзым етеді. Олар тәждерін тақтың алдына ұсынып, былай дейді: Төрт нөкер: «Аумин», — деп жауап берді. Ал жиырма төрт ақсақал жерге бас ұра жығылып, (мәңгі тірі Жаратқан Ие мен Тоқтыға) тағзым етті. Барлық періштелер де, ақсақалдар мен төрт нөкер де тақты айналдыра тұрды. Олар тақтың алдында жерге бас ұра жығылып Құдайды былай деп даңқтады: Құдай тағының алдында өз тақтарында отырған жиырма төрт ақсақал жерге бас ұра жығылып, Құдайға тағзым етіп былай деді: Жиырма төрт ақсақал мен төрт нөкер Өзінің тағында отырған Құдайға бас ұра жығылып: «Аумин! Лайым Жаратқан Ие мадақталсын!» — деп ғибадат етті. Мен (аң-таң болып) аяғына жығылып, бас ұрмақ едім. Бірақ ол маған: «Олай жасама! Мен өзіңмен және Исаның шынайы хабарын ұстанатын бауырластарыңмен бірге қызмет етушімін. Қайта, Құдайға бас ұрып ғибадат ет!» — деді. Себебі Исаның шынайы хабарын жеткізу — пайғамбарлық сөз айтудың нағыз мәнісі. Мен, Жохан, осыларды естіп, көрдім. Естіп, көріп жатқан кезде мен оларды көрсеткен періштенің аяғына бас ұрмақ болып жығылдым.
Выбор основного перевода