Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Келесі күні Жақия мен оның екі шәкірті тағы сол жерде тұрды. Ол қастарынан өтіп бара жатқан Исаны көріп: «Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген Тоқтысы!» — деді. Екі шәкірті Жақияның айтқанын естіп, Исаның соңынан ере бастады. Иса бұрылып, олардың Өзіне ергенін көріп:— Сендер не іздеп жүрсіңдер? — деді. Олар Исадан:— Раббы! — арамей тіліндегі мағынасы «Ұстаз!» — Сіз қайда тұрып жатырсыз? — деп сұрады. Иса:— Келіңдер де көріңдер! — деді. Олар келіп, Исаның тұрған жерін көрді де, сол күні Онымен бірге болды. Уақыт түстен кейінгі сағат төрттің шамасы еді. Жақиядан Иса туралы естіп, Оған ерген екеудің бірі Шимон Петірдің інісі Әндір еді. Ол ең алдымен ағасы Шимонды тауып алып:— Біз Мәсіхтің Өзін таптық! — деді. Ал «Мәсіх» Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша дегенді білдіреді. Содан кейін Әндір Шимонды Исаға ертіп келді. Иса Шимонға қарап:— Сен Жоханның ұлы Шимонсың. Бұдан былай Кефа деп аталасың, — деді. Кефа грекше — Петір, яғни «Тас».
Выбор основного перевода