Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Иса барлық қалалар мен ауылдарды аралап, мәжілісханаларында халыққа тәлім берді; Патшалық туралы Ізгі хабарды уағыздап, адамдарды ауру-сырқау атаулыдан сауықтырды. Иса он екі шәкіртін тағы да қасына шақырып алып, оларға жындарды қуып шығаратын әрі барлық ауру-сырқауды сауықтыратын билік берді. Иса шәкірттерімен бірге Қапарнаум қаласына барды. Келесі демалыс күні Иса мәжілісханаға барып, жұртқа тәлім бере бастады. — Назареттік Иса, бізде нең бар? Бізді құртуға келдің ғой! Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің! — деп айқайлады. Бұдан кейін Иса бүкіл Ғалилея аймағын аралап жүріп, мәжілісханаларында уағыз айтты, әрі адамдардың бойындағы жындарды қуып шығарды. Иса халыққа мәжілісханаларында тәлім беріп, бәрі Оны мадақтады. Бұдан кейін Иса Ғалилея аймағындағы яһудилердің мәжілісханаларында уағыз айтып жүрді. Құдай Өзінің Киелі Рухы мен құдіретін назареттік Исаға дарытты. Ол игі істер жасап, шайтанның құрсауындағы адамдарды азат етіп сауықтырып, ел аралап жүрді, өйткені Құдай Оған жар болды.
Выбор основного перевода