Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Мен оларға: «Сендерді ешқашан (өз адамдарым ретінде) таныған емеспін. Әділетсіздік істегендер, Менен аулақ кетіңдер!» — деп ашық айтамын. Тозақта «тәндерін кеміретін құрттар өлмейді, жалындаған от та сөнбейді». Содан ол қатты дауыспен:— Ыбырайым ата, маған қайырым қылып, Елазарды жібере көріңіз! Ол бармағының ұшын суға малып алып, тілімді салқындатсын. Мына жалынды отта қатты қиналып жатырмын, — деп жалбарынады. Сол сияқты, Содом, Ғомора және маңайындағы қалаларды ұмытпаңдар: олардың тұрғындары жыныстық азғындықпен әуестеніп, табиғатқа қайшы ұятсыздықтарға салынғандары үшін жазаланды. Сонымен олар мәңгілік отта азап шегетіндердің мысалы болды. Себебі Құдай күнә жасаған періштелерді де аяған жоқ. Оларды қияметте сотталуға сақтау үшін тозақтың қара түнегіне ұстап беріп, шынжырлатып тастады. Бұларды еліктіріп алдаған әзәзіл шайтан күкіртпен жанып тұрған отты көлге (яғни тозақ отына) тасталады; бұрын сол жерге айуан мен жалған пайғамбар да лақтырылған еді. Олар сонда күні-түні мәңгілік азап шегетін болады. Кімнің есімі «Мәңгілік өмір кітабында» жазылмаған болса, сол да тозақ отына лақтырылды.
Выбор основного перевода