Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондай-ақ: «Қандай ауыр жүк!» деп, оны менсінбей мұрындарыңды шүйіре иіскейсіңдер, — дейді Әлемнің Иесі. — Сендер ұрлап алынған, жараланған, ақсақ не ауру малды әкеліп, оны Маған арнап құрбандыққа шалғандарыңда, неліктен Менің сондай сый-тартуды қолдарыңнан қабылдауым қажет? — деп сұрайды Жаратқан Ие. Соны алған олар қожайынға өкпелеп: — Соңғылар бір сағат қана жұмыс істесе, біз осындай ыстықта күні бойы жұмыс істедік. Дегенмен сіз бәрімізге бірдей ақы төледіңіз! — деп күңкілдейді. «Біреу еккенді біреу орады» деген мақал осы жағдайда рас болып тұр. Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды. Ал өсиеттерін орындағанымыз — Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес. Ал Құдайдың заңына қарсы тұрушы кісі келгенде, шайтанның әрекетіне сай зор күш-қуат, әр түрлі алдамшы ғажайып істер мен кереметтер көрсетпек. Ол кейін құритындардың бәрін күллі жамандықтармен тура жолдан адастырады. Себебі олар өздерін құтқара алатын шындықты ұнатпай, оны жүректеріне жолатпады. Сондықтан да Құдай оларды өтірікке иланып, түзу жолдан оп-оңай адасатын қылып қояды. Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!»
Выбор основного перевода