Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас: Бір патша қызметкерлерінен есеп алмақшы болады. Олай болса, мұндай ережелерді орындамайтын бауырласыңды айыптауға қандай қақың бар? Немесе оларды орындап жүрген бауырласыңа менсінбей қарауға қандай қақың бар? Бәріміз де Құдайдың қиямет сотының алдында тұрып, әшкереленетін боламыз. (Ишая пайғамбардың жазбасында) мынадай сөздер жазылған: Мәңгі тірі Жаратқан Ие былай дейді: Менің алдымда әрбір адам тізе бүгіп, тіл біткен әр пенде Құдай екенімді мойындайтын болады деп өз атыммен ант етемін. Демек, әрқайсымыз Құдай алдында өз іс-әрекетіміз үшін есеп береміз. Барлығымыз Мәсіхтің төрелік тағының алдында тұрып, әшкереленуге тиіспіз ғой. Сонда әрқайсымыз тәндік өміріміздегі іс-әрекетіміздің жақсы-жамандығына қарай лайықты бағамызды алатын боламыз.
Выбор основного перевода