Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бас діни қызметкердің (қабір басына бару үшін) Құдайдың киелі орнын тастап кетіп, оны арамдауына болмайды. Ол арнайы май жағу рәсімі арқылы Құдай Иесіне қызмет етуге тағайындалған. Мен Жаратқан Иемін. Себебі жүкті болып, ұл туасың. Оның басына ұстара мүлдем тимеуі керек. Ол құрсақта жатқан кезінен-ақ Құдайға ерекше бағышталған жан болады. Исраилді філістірлердің қолынан сол құтқара бастайды!» Кесілген ағаштың түбірі мен тамырларынан жас өркен өсіп шығады. Сол сияқты Есей ұлы Дәуіттің патшалық биліктен айырылған әулетінен шығатын бір ұрпақ күндердің күнінде қайтадан патшалық құрады. Қызметшісі Құдай алдында жас көшеттей, құрғақ жерден шыққан жас өркендей өсіп шықты. Оның біз таңырқап қарайтындай ажары мен келбеті немесе бізге ұнайтындай ұсқыны жоқ еді. Ол Назарет қаласын тастап, Забулон мен Нафталим руларының жерінде көл жағасында орналасқан Қапарнаум қаласына көшіп барып, сонда тұрды. — Назареттік Иса, бізде нең бар? Бізді құртуға келдің ғой! Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің! — деп айқайлады. Алтыншы айда Құдай Жәбірейіл періштені Ғалилея аймағының Назарет қаласындағы бір қызға жіберді. Жүсіп те Ғалилеядағы Назарет қаласынан жолға шығып, Дәуіт патшаның туған қаласына, Яһудея аймағындағы Бетлехемге, тізімге тіркелуге барды. Себебі Жүсіп Дәуіттің әулеті мен руынан шыққан еді. Мәриям мен Жүсіп Жаратқан Ие бұйырған Таурат заңына сай қажетті рәсімдердің бәрін орындап болғаннан кейін Ғалилеядағы өз қалалары Назаретке қайтып барды. Бірақ Натанайыл:— Сол Назареттен не жақсылық шығар дейсің? — деп жауап қатты. Філіп оған:— Келіп, өзің көр! — деді.
Выбор основного перевода