Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енді Балағам нақыл сөзін айтып былай деді:— Балақ мені шақырды Арама аймағынан,Моаб патшасы алдыртты шығыс тауларынан:«Келіп, Жақыптың ұрпағын қарғап беріңіз, — Деп, — Исраил халқын лағынеттеп кетіңіз!» Тарсис пен аралдардың патшаларыПатшаңа алым-салық төлеп тұрады,Әрі Себа мен Сәбаның патшаларыСый-тартулар әкеліп отырады. Күллі патшалар оған бас иеді,Күллі ұлттар оған қызмет етеді. Яһудея елінің патшасы Иродтың заманында діни қызметкерлердің Абиях тобында Зәкәрия есімді біреу бар болатын. Әйелі Елізабет Һарон әулетінен еді. Сол күндері Рим патшасы Август жер жүзінің барлық тұрғындарына салық төлеу үшін тізімге тіркелуге жарлық шығарды. Бұл Сирия өлкесін Кирини басқарған замандағы алғашқы халық санағы болатын. Сонда әркім тізімге тіркелу үшін өзінің атамекеніне барды. Жүсіп те Ғалилеядағы Назарет қаласынан жолға шығып, Дәуіт патшаның туған қаласына, Яһудея аймағындағы Бетлехемге, тізімге тіркелуге барды. Себебі Жүсіп Дәуіттің әулеті мен руынан шыққан еді. Аяғы ауыр әйелі Мәриям оған еріп жүрді. Олар Бетлехемде болғанда Мәриямның босанатын уақыты жетіп, тұңғыш Ұлын тапты. Оны құндақтап, қорадағы шөп салатын ақырға жатқызды. Себебі қонақүйде оларға орын болмады. Рим патшасы Тіберидің билік құруының он бесінші жылы Яһудея аймағын Понти Пилат билеп, Ирод (Антипас) — Ғалилея аймағының әкімі, оның бауыры Філіп — Итурея мен Трахонит аймақтарының әкімі, Лүсани — Абілине аймағының әкімі,
Выбор основного перевода