Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Болған жайды перғауын да естіп, Мұсаны өлтіртпек болды. Бірақ ол перғауыннан қашып кетіп, Мадиян еліне барып, тоқтады.Бірде Мұса құдық түбінде отырған еді. (Болған оқиғаны біліп қойған) Сүлеймен Еробоғамды өлтірмек болды. Бірақ ол Мысырға қашып барып, сол елдің патшасы Шұшақтан пана сұрады. Еробоғам Мысырда Сүлеймен қайтыс болғанға дейін тұра берді. Жаратқан мен Оның қойған патшасынаӘлемнің патшалары қарсы тұрып,Әкімдер кеңесіп жатыр бірігіп: «Бізге салған шынжырларын сындырып,Бұғауларынан құтылайық лақтырып!» Көктегі тағында отырған Құдай күледі,Солардың ойларын Жаратқан келекелейді, Енді, патшалар, ақылға келіңдер,Әлемнің билері, шындықты түсініңдер! Жаратқан Иені терең қастерлеңдер,Қуана бой ұрып қызмет етіңдер!Һәм дірілдеп күнәдан шошыныңдар, Ұлының аяғын сүйіп бағыныңдар!Әйтпесе Ол кәрленіп, көздеріңді құртпақ,Ашуы лезде жалындай лауламақ.Ал Оған сенгендер бақытты болмақ. Жохақым патша өзінің бүкіл ұландары және әміршілерімен бірге Ұрияның айтқан сөздерін естігенде, оның көзін құртпаққа ұмтылды. Ұрия бұл туралы біліп қойғанда абыржып, Мысырға қашып кетті. Ал Жохақым патша Ахбор ұлы Елнатанды қасына бірнеше кісі қосып, Мысырға жіберді. Олар Ұрияны сол елден қайтарып, Жохақым патшаның алдына алып келді. Патша оны семсермен шауып өлтіріп, мәйітін қарапайым халық жерленетін жерге лақтырып тастатты. Бірақ ол осыны ойлап жүргенде Жаратқан Иенің періштесі түсінде аян беріп:«Дәуіттің ұрпағы Жүсіп, қалыңдығың Мәриямға үйленуден шошынба! Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан. Ирод патша өлгеннен кейін, Жаратқан Иенің періштесі Мысырда Жүсіпке түсінде аян беріп: Ол құйрығымен аспандағы жұлдыздардың үштен бірін тартып алып, жерге қарай лақтырып жіберді. Айдаһар толғатып жатқан әйелдің алдында тосып тұрып, оның Баласын туысымен-ақ жалмап қоймақшы болды. Осылай әйел Ұлын дүниеге келтірді; Ол болашақта күллі халықтарға қатаңдықпен билік жүргізетін болады. Нәресте тезірек Құдайға, Оның тағының алдына әкелінді. Ал әйел Құдай алдын ала дайындап қойған айдаладағы бір жерге қашып құтылды. Сол жерде әйелге бір мың екі жүз алпыс күн бойы қамқорлық жасалатын болады.
Выбор основного перевода