Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Жын адамнан шыққаннан кейін шөл даланы кезіп, баспана іздеп, таппайды. Сонда ол: «Шыққан үйіме қайта оралайын» дейді. Қайтып келгенде қараса, үй сыпырылып, жиналыпты, алайда бос тұр екен. Содан жын барып, өзінен бетер жауыз тағы жеті жынды ертіп келіп, үйге кіріп, сонда тұрып қалады. Осылайша әлгі адамның кейінгі жағдайы бұрынғысынан да мүшкіл болады. Біліп қойыңдар, осы күнәлі ұрпақтың жағдайы да сол секілді болады! Бірақ Иса жынға:— Үніңді өшір, шық одан! — деп қатаң бұйырды. Сонда жын сол адамды қалшылдатып, қатты дауыспен айқай салып, денесінен шығып кетті. Барлық жұрт үрейлері ұшып: «Бұл немене? Не қылған жаңа ілім? Ол тіпті жындарға билікпен бұйрық беріп, олар Оған бағынады ғой!» — деп өзара сұрасып, таңғалысты. Бүкіл халық Исаны көрісімен қатты таңғалып, Оны қарсы ала жүгірді.
Выбор основного перевода