Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
О, Құдайым, Құдайым менің!Неліктен мені жалғыз қалдырдың?Айқайлаған даусыма құлақ салмайсың,Мені құтқарудан неге алшақсың? Құдайым, күндіз шақырсам, жауап қатпайсың,Түнде де айқайлап, тыным таппаймын. Бірақ Сен киелісің, Исраил халқыңСені мадақтайтын тағыңда отырасың. Ата-бабамыз Өзіңе иланып жүрді,Сөзіңе сенді, Сен де азат еттің. Саған сиынып, олар құтқарылды,Өзіңе сеніп ұятқа қалмады. Ал мен адам емес, құрт іспетті қуатсызбын,Жұрт ұрсып, елемейді мені халқым, Көргендердің бәрі келекелейді,Басын шайқап, балағаттап былай дейді: «Ол Жаратқанға үмітін артқан екен,Сол оны аман қалдырсын пәледен!Жаратқан Ие разы болса оған,Құтқарып алсын оны қиындықтан!» Ал мені ана құрсағынан Сен шығардың,Жас кезімнен Өзіңе иландырдың, Туғаннан-ақ қолдауыңа мұқтажбын,Өмір бойы Сенсің Құдайым менің, Енді алыстай көрме менен Өзің.Себебі азап-бейнет қалды таяп,Қол ұшын берерім жоқ мені аяп. Сүзеген бұқадай жау алды қоршап,Башандық бұқадай жан-жақтан қыспақтап, Ақырған арыстандай жемге құмартып,Аранын ашады, маған қарсы шығып. Күшім судай төгіліп, таусылды құрғап,Сүйектерім буынынан қалды босап.Кеудемде жүрегім балауыз құсапӘбден балқып, елжіреп кетті босап. Қыш құмыраның сынығына ұқсапКүшімнен айырылып қалдым қурап,Тілім қалды таңдайыма жабысып,Өлім топырағына бердің мені қиып! Төбеттердей жан-жақтан қыспақтадыСол жауыздар, лек-легімен қоршап алды,Аяқ-қолымды түйреп жаралады! Сүйектерімді шыға алам санап,Ал халық тұр маған қадала қарап. Жау жамылғымды бөлісіп алады,Киімім үшін жеребе салады. Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де бағалаған жоқпыз. Сонда Ирод жасақшыларымен бірге Оны қорлап мазақтап, үстіне әдемі шапан жауып, Пилатқа қайтарып жіберді. қайта,Өз құдіреті мен салтанатты ұлылығынанБас тартып, қабылдады құлдың сиқын:Ол адам секілді бұ дүниеге келді,Әрі кәдімгі адамға ұқсап көрінді.
Выбор основного перевода