Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Иса үйге кіргеннен кейін сол екі зағип Оның қасына келді. Иса:— Менің солай істей алатыныма сенесіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар:— Иә, Тақсыр, сенеміз, — деп жауап берді. Сонда Иса:— Сенімдеріңе сай болсын! — деп, көздеріне саусағын тигізді. Иса:— Сендерге шындығын айтамын: егер еш күмәнсіз Құдайға сенсеңдер, Менің осы ағашқа істегенімнен де зор нәрсені істейтін боласыңдар. Мына тауға: «Орныңнан көтеріліп, теңізге лақтырыл!» — десеңдер, сол орындалады. Иса шәкірттерімен жол жүріп Иерихон қаласына жетті. Олар халықтың үлкен тобымен бірге қаладан шығып бара жатқанда, жол жиегінде бір соқыр адам қайыр сұрап отырған еді. Оның есімі Тімей ұлы Бартімей болатын. Бартімей өтіп бара жатқан Адамның назареттік Иса екенін естіп: «Дәуіттің Ұрпағы Иса, маған рақым ете көріңіз!» — деп айқайлай бастады. Көпшілігі оған ұрсып, үндемеуді бұйырды; бірақ ол одан бетер айқайлап: «Дәуіттің Ұрпағы, маған рақым ете көріңіз!» — деп жалбарынды. Иса тоқтай қалып: «Шақырыңдар оны!» — деп бұйырды. Олар соқыр адамға: «Көтер еңсеңді, түрегел! Ол сені шақырып жатыр», — деді. Бартімей жамылғысын шеше ұшып тұрып, Исаға жетіп келді. Иса:— Өзіңе не істегенімді қалайсың? — деп сұрады. Зағип:— Ұстаз, көзімді көретін етсеңіз екен! — деп өтінді. Иса оған:— Жүре бер, сен сенімің арқылы құтқарылдың, — деді. Сол сәтте-ақ оның көзі ашылып, көретін болды! Содан Бартімей Исаға еріп жолға шықты. Иса жауап беріп шәкірттеріне былай деді: — Құдайға сеніңдер! Сендерге шындығын айтайын: біреу мына тауға «Орныңнан көтеріліп, теңізге лақтырыл!» деп, айтқан сөзінің іске асатынына жүрегінде еш күмәнданбай сенсе, сол өтініші орындалады. Сондықтан сендерге былай деймін: Құдайға сиынып (Оның еркіне сай) не сұрасаңдар да, соны қабылдадық деп сеніңдер! Сонда ол орындалмақ. Иеміздің жауабы мынау болды:— Сендердің тарының түйіріндей ғана сенімдерің болса, мына тұт ағашына: «Жерден тамырыңмен қопарылып, теңізге отырғызыл!» десеңдер, ол айтқандарыңды орындар еді. — Егер Маған сенсең, Құдайдың құдіретті ұлылығын көресің деп саған айтпап па едім? — деді Иса.
Выбор основного перевода