Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сонда әйел Ілиясқа тіл қатып былай деді:— Уа, Құдайдың жіберген адамы, менде неңіз кетіп еді? Жасаған күнәларымды әшкерелеп, жалғыз ұлымды өлтіруге келіп пе едіңіз? — Сонда азғырушы әзәзіл Оның қасына келіп:— Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйыра гөр! — деді. Кенеттен олар: «Құдайдың рухани Ұлы, бізде нең бар? Уақытынан бұрын бізді азаптауға келдің бе?» — деп айқай салды. Бірақ Иса үндемеді. Сонда бас діни қызметкер Оған:— Мәңгі тірі Құдайдың алдында ант етіп, бізге айтып бер: Сен Құдайдың рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деген сұрақ қойды. — Назареттік Иса, бізде нең бар? Бізді құртуға келдің ғой! Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің! — деп айқайлады. Ол өте мәртебелі болып, Құдай Тағаланың рухани Ұлы деп аталады. Құдай Ие Оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды. — Тоқта, назареттік Иса, бізде нең бар? Құртуға келдің ғой бізді. Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің, — деп айқайлады. Бірақ сендер жауларыңды да жақсы көріңдер! Жақсылық істеп, жарлыларға ештеңе дәметпестен қарыз беріңдер! Сонда көктегі сыйларың зор болып, Құдай Тағаланың рухани балалары боласыңдар! Ол тіпті рақмет айтуды білмейтіндер мен жамандарға да мейірімді. Ол Исаны көрген бойда айқай сала аяғына жығылды да, қатты дауыстап:— Құдай Тағаланың рухани Ұлы Иса, менде нең бар? Саған жалынамын: азаптай көрмеші мені! — деп жалынды. Қыз Пауыл мен бізден қалмай: «Мына кісілер — Құдай Тағаланың құлдары, олар сендерге құтқарылу жолын уағыздайды!» — деп айқайлап жүрді. Сол Мәліксадық Салим қаласының патшасы және Алла Тағаланың діни қызметкері болатын. Ыбырайым бірнеше патшаны жеңіп, шайқастан қайтып келе жатқанда, Мәліксадық оған жолығып, батасын берді.
Выбор основного перевода