Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сонда Ели оған:— Тыныштықпен үйіңе қайта бер. Исраилдің сиынатын Құдайы тілеуіңді қабыл алсын! — деп батасын берді. Жонатан: «Аман-есен жүр! Екеуіміз Жаратқан Иенің атымен байласқан антымызды сенің де, менің де, кейінгі ұрпақтарымыздың да орындайтынына Оның Өзі кепіл болсын», — деп Дәуітпен қоштасты. Патша:— Аман-есен бара ғой, — деп рұқсат берді. Сонда Абессалом жиналып, Хебронға бет алды. Еліше оған:— Тыныштықпен жөніңізге қайта беріңіз! — деді.Осылай Нағыман жолға шығып, одан біраз ұзағанда, Иса оған:— Жүре бер, сен сенімің арқылы құтқарылдың, — деді. Сол сәтте-ақ оның көзі ашылып, көретін болды! Содан Бартімей Исаға еріп жолға шықты. Бірақ Иса әйелге:— Сен сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, — деді. Иса оған:— Қарындас, сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, — деді. Түрменің бастығы Пауылға мұны білдіріп:— Қаланың басшылары сендерді босатсын деген хабар жіберді. Сондықтан енді шығып, амандықпен кетіңдер! — деді. адамдардың Таурат заңын ұстану арқылы емес, тек Иса Мәсіхке деген сенімдерімен ғана Құдай алдында ақталатынын білеміз. Сондықтан біз де Таурат заңын орындаудың арқасында емес, Мәсіхке сенуіміз арқылы ақталу үшін сенімімізді Мәсіх Исаға арттық. Себебі заңды орындаумен ешбір адам ақтала алмайды». Араларыңдағы біреуің оларға: «Аман-сау болыңдар! Тоңбай, қарындарың ашпай өмір сүріңдер» деп тілек білдіріп, солардың тәндік қажеттерін қамтамасыз етпесе, оның тілегінен не пайда?!
Выбор основного перевода