Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сол жердің тұрғындары Исаны танып қалып, бүкіл төңірекке кісі жіберіп, барлық ауру-сырқауларын Оның қасына алып келді. Олар Исадан ең болмағанда Оның шапанының шетіне қол тигізуге рұқсат етуін сұрады. Сонда қол тигізгендердің бәрі де сауығып кетіп жатты! Себебі Ол көп кісілерді сауықтырып жібергендіктен, әр түрлі дертке ұшырап қиналғандар Оған қолдарын тигізуге тырысып, жақындай түсті. Иса қай жерге бармасын — қай ауылға, қай қалаға не елді мекенге кірсе де, жұрт ауру-науқастарды сонда әкеліп, базар алаңдарына орналастырды. Науқастар Исадан тек Оның шапанының шетіне қол тигізуге рұқсат етуін сұрады. Оған қол тигізгендердің бәрі де сауығып кетіп жатты!
Выбор основного перевода