Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Ол берік мейірімін мыңдағандарға танытады,Өзіне қарсы шығып теріс қылықтардыЖасаған күнәкарды да кешіруге дайын тұрады,Ал (қасарысқанды) жазасыз қалдырмайды,Аталарының теріс қылықтары үшінЖазалайды балалары мен немерелерін,Тіпті шөберелері мен шөпшектерін». Мен Өзіңе қарсы күнә жасадым,Сенің көз алдыңда зұлымдық істедім.Осылай әділ Сенің айтқандарың,Мүлтіксіз де маған жүргізген сотың. Ием, Сен күнәларды есіңнен шығармасаң,Кім алдыңда тірі қалар, уа, Жаратқан? Бірақ Сен кешірім беруге әзірсің,Содан бәрі Сені қастерлей берсін! Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын! Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді. Діндар яһудилер:— Сені игі ісің үшін емес, Құдайды қорлағаның үшін тас лақтырып өлтірмекпіз. Сен адам бола тұра, Өзіңнен Құдай жасағың келеді! — деді.
Выбор основного перевода