Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Таңдаулы бидай ұнынан он екі күлше пісір. Олардың әрқайсысына пұттың оннан екісіндей мөлшерде ұн қолдан. Нанды Жаратқан Иенің алдындағы саф алтын үстелдің үстіне, алты-алтыдан екі қатар етіп қой. Әр қатарға таза да хош иісті шайырды қой. Осы хош иісті шайыр кейін Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылатын естелік іспетті нанның орнын басады. Бұл күлшелерді Һарон Жаратқан Иенің алдына әр сенбі сайын қоятын болсын. Мұны ол Исраил халқының атынан мәңгілік Келісімге сай істеуге тиіс. Осы нан Һаронға және оның ұлдарына тиесілі, олар сол күлшелерді киелі орында жеулері қажет. Бұл — Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылатын тартулардан оларға тиісті үлестің ерекше киелі бөлігі. Дәуіт Ноб қаласына, ондағы діни қызметкер Ахимәлікке барды. Бұл кісі Дәуітті қарсы алып:— Қасыңда адамдарың жоқ, неге жалғыз жүрсің? — деп абыржи сұрады. Дәуіт одан:— Патша маған ерекше жұмыс тапсырып, «Ешкім сені неге жұмсағанымды және қандай нұсқаулар бергенімді білмесін!» деді. Нөкерлерімді белгілі бір жерге жібердім. Ал енді, жүрек жалғайтын неңіз бар? Маған бес таба нан, я болмаса қолыңызда барыңызды беріңізші, — деп өтінді. — Қазір қолымда бары жай нан емес, Құдайға бағышталған нан ғана. Егер нөкерлерің жақында әйел затынан бойларын аулақ ұстаған болса, онда жей берулеріне болар еді, — деді діни қызметкер. Дәуіт: — Біз жолға шыққаннан бергі күндері әйел атаулыдан аулақ жүрдік. Нөкерлерім жай жолдарда таза жүреді, ал бүгін олар ерекше тазарған болатын, — деп жауап берді. Сонда діни қызметкер беретін басқа тамағы болмағандықтан, Жаратқан Иеге ұсынылған нан тартуларын Дәуітке берді. Бұл киелі шатырдағы арнайы үстелге қойылып, кейін жаңадан пісірілген нанмен ауыстырылған, тек діни қызметкерлерге ғана жеуге болатын нан еді. Діни қызметкерлер Садық пен Абиятар да қалада болады. Сарайдан не естісең, соның бәрін де Садық пен Абиятарға хабарлайтын бол. Ол жерден кетіп бара жатып, Иса яһудилердің жиналатын мәжілісханасына кірді. Сол жерде қолы семіп қалған бір адам да болды. Діншілдер Исаны айыптайтын сылтау іздеп, Оған:— Демалыс күні болса да, ауруды сауықтыруға бола ма? — деген сұрақ қойды. Иса оларға жауап беріп былай деді:— Егер біреуіңнің жалғыз-ақ қойың болып, ол шұңқырға түсіп кетсе, демалыс күні болса да, шығарып алмас па едіңдер? Ал адам қойдан әлдеқайда артық емес пе?! Ендеше демалыс күні де жақсылық жасауға болады! — Содан Иса әлгі кісіге: «Қолыңды созшы!» — деп бұйырды. Адам семіп қалған оң қолын созғанда, ол екіншісі сияқты бұрынғы сап-сау қалпына келді! Иса басқа бір демалыс күні мәжілісханаға барып, жамағатқа тәлім беріп отырған еді. Сол жерде оң қолы семіп қалған бір адам да болды. Дін мұғалімдері мен парызшылдар Исаны айыптайтын сылтау табуға тырысып, Ол демалыс күні болса да ауруларды сауықтырар ма екен деп аңдыды. Бірақ Иса олардың бұл ойларын біліп, қолы семген адамды: «Түрегеліп, ортаға шықшы!» — деп шақырды. Ол тұрып, ортаға шықты. Сонда Иса сол діншілдерге: «Сендерден сұрап тұрмын, демалыс күні қайсысын істеуге болады: жақсылықты ма әлде жамандықты ма; біреудің жанын құтқаруды ма немесе құртуды ма?» — деген сұрақ қойды. Иса айналасында отырғандардың бәріне қарады да, әлгі кісіге: «Қолыңды созшы!» — деп тапсырды. Сол адам семіп қалған оң қолын созғанда, ол бұрынғы сап-сау қалпына келді!
Выбор основного перевода