Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Содан Мұса мен Һарон қайтадан перғауынға әкелінді. Перғауын:— Жарайды, барыңдар, Құдайларың Жаратқан Иеге ғибадат етіңдер! Тек кімдердің баратынын айтыңдар, — деді. Мұса:— Біз жас-кәрілерімізді, ұл-қыздарымызды, ұсақ және мүйізді ірі қараларымызды ала барамыз. Өйткені Жаратқан Иеге арналған мейрам тойын өткізуіміз керек, — деді. — Мен сендерді бала-шағаларыңмен бірге жіберетін болсам, Жаратқан Иелерің сендерге жар болсын! Сендердің ниеттерің қара, бұл айқын көрініп тұр. Құдай Иең саған өсиеттегендей, демалыс күнін Оған бағыштауды сақтайтын бол! Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не өгізің, не есегің, не басқа да малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Осылайша өзің сияқты қызметшілерің де демалсын. Мұнан кейін жиналғандарға:— Егер біреуіңнің есегің немесе өгізің құдыққа түсіп кетсе, оны демалыс күні болса да, дереу шығарып алмас па едіңдер?! — деген сауал қойды.
Выбор основного перевода