Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Луки
Параллельные места
Сол кезден бастап Иса Өзінің Иерусалимге баруға тиісті екенін ашық білдіре бастады:— Ол жерде Мен рубасылар, басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдерінен көп азап шегуге тиіспін: Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайтадан тірілуім де қажет! — деді. Мұнан кейін оларға былай деп тәлім бере бастады:— Көктен келген Билеуші, Мен, көп азап шегуге тиіспін: рубасылар мен басты діни қызметкерлердің және дін мұғалімдерінің Өзімнен бас тартулары әрі Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайта тірілуім де қажет! Олар сол жерден кетіп, Ғалилея аймағы арқылы жол жүрді. Иса мұны ешкімнің білгенін қаламады, Оларға тағы былай деді:— Көктен келген Билеуші — Мен көп азап шегуге тиіспін: рубасылар, басты діни қызметкерлер және дін мұғалімдері Өзімнен бас тартулары әрі Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайта тірілуім де қажет! Бірақ алдымен Өзімнің көп азап шегуім әрі қазіргі ұрпақтың Менен бас тартуы қажет. Пауыл соларды түсіндіріп, Құтқарушы Мәсіхтің азап шегіп өліп, содан қайта тірілуге тиісті екенін дәлелдеді. Ол: «Мен сендерге уағыздап жүрген Иса — Мәсіхтің Өзі!» — деді.
Выбор основного перевода