Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Луки
Параллельные места
Жаратқан Ие Ыбырамға сөзін арнап былай деп бұйырған еді:«Сен еліңді, туған-туысқандарыңды және әкеңнің үйін тастап, Мен өзіңе көрсететін елге көш! Сондықтан барлық халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер, Петір оларға былай деп жауап берді:— Әрқайсың күнәларыңның кешірілуі үшін теріс жолдан қайтып, Иса Мәсіхтің атымен шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда сендер Құдайдың сыйын — Оның Киелі Рухын қабылдайсыңдар. Құдай Оны көкке көтеріп, Көсем және Құтқарушы ретінде Өзінің оң жағындағы ең құрметті орынға көтеріп жайғастырды. Осылай Ол Исраилдің бетін теріс жолдан қайтарып, күнәларын кешірмек. Сондықтан, бауырластар, мынаны біліп алыңдар: біз сендерге Құдай күнәларыңды осы Адамның құрбандығы арқылы кешіретінін хабарлаймыз. Өткен дәуірлерде Құдай мұндай ұғымсыздыққа сабырлылық көрсетті, алайда қазір Ол барлық жердегі адамдардың бәріне де теріс жолдан қайтуды бұйырады. Құдайға ұнамдылық туралы бізге ашылған мына құпияның ұлы екендігі еш шүбәсіз:Мәсіх адам болып дүниеге келді,Киелі Рух әділдігін дәлелдеді,Содан Мәсіх періштелерге көрінді,Халықтарға Ол жарияланды,Жер жүзінде Оған көбі иланды,Ол ұлылықпен көкке қабылданды. Мұнан кейін мен аспанның биігінде ұшып бара жатқан ерекше бір періштені көрдім. Ол жер бетінде Құдайға мойынсұнбай тұратын әрбір халыққа, руға, тілге және ұлтқа қарсы Құдайдың мәңгілік жеңісі туралы Ізгі хабарды жариялады.
Выбор основного перевода