Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Луки
Параллельные места
Жаратқан Ие ізгі, мадақтаңдар Оны,Мәңгіге ұласады берік рақымы! Сол кезден бастап Иса Өзінің Иерусалимге баруға тиісті екенін ашық білдіре бастады:— Ол жерде Мен рубасылар, басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдерінен көп азап шегуге тиіспін: Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайтадан тірілуім де қажет! — деді. Иса:— Сендер әлі де ұқпай тұрсыңдар ма?! — деген сұрақ қойды. Оларға тағы былай деді:— Көктен келген Билеуші — Мен көп азап шегуге тиіспін: рубасылар, басты діни қызметкерлер және дін мұғалімдері Өзімнен бас тартулары әрі Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайта тірілуім де қажет! Шәкірттері Исаның бұл айтқандарын түсінбеді. Мәні өздеріне жасырын болғандықтан, олар оны ұға алмады. Алайда сол туралы Исаға сұрақ қоюға батылдары бармады. Иса он екі шәкіртін қасына шақырып алып, оларға (Өзінің басынан өткізетіндері туралы) былай деді:— Енді Иерусалимге өрлеп бара жатырмыз. Пайғамбарлардың көктен келген Билеуші туралы алдын ала жазып кеткендерінің бәрі сол жерде орындалады: оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді.
Выбор основного перевода