Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Иса үндемеді. Сонда бас діни қызметкер Оған:— Мәңгі тірі Құдайдың алдында ант етіп, бізге айтып бер: Сен Құдайдың рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деген сұрақ қойды. Бірақ Иса еш жауап бермей үндемеді. Бас діни қызметкер Оған тағы да сұрақ қойып:— Сен Мадақталғанның рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деді. Мен сендерге жерде болып жатқандарды айтқанда сенбейсіңдер, ал егер көктегі рухани нәрселер туралы сөйлесем, қалай сенбексіңдер? Мен ақиқатты айтқандықтан Маған сенбейсіңдер. Яһуди діндарлары Оны қоршап алып:— Қашанға дейін бізді еліктіріп, алаңдатып қоясыз? Құтқарушы Мәсіх болсаңыз, ашығын айтыңыз! — деп талап етті. Бас діни қызметкер Исадан Өзінің шәкірттері мен ілімі туралы жауап алды.
Выбор основного перевода