Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал парызшылдар болса сыртқа шығып, Исаның көзін жою туралы кеңес құрды.Иса бұл туралы біліп қойып, сол жерден кетіп қалды. Оны тұтқындамақ болды. Алайда Исаны пайғамбар деп қадір тұтқан халықтан қорқып, соған батылдары бармады. Исаның өздері туралы астарлап айтқанын ұққан дінбасылар Оны тұтқындамақ болды. Алайда олар халықтан қорыққандықтан Исаны тастап, жөндеріне кетті. Құтқарылу және Ашымаған нан мейрамдарына екі-ақ күн қалған еді. Басты діни қызметкерлер және дін мұғалімдері Исаны айламен қолға түсіріп, өлтірудің жолын қарастырды. Иса күн сайын ғибадатханада халыққа тәлім беріп жүрді. Басты діни қызметкерлер, дін мұғалімдері және рубасылар Оның көзін құртудың жолын іздеді, Басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері Исаның бұл астарлы әңгімені өздеріне тигізіп айтқанын ұғып, сол кезде-ақ Оны тұтқындамақ болды. Бірақ олар халықтан қорықты. Бұдан кейін яһуди басшылары Исаға бұрынғыдан бетер қарсы шығып, Оны өлтірмекші болды. Себебі Ол солардың демалыс күні туралы ережелерін ғана бұзған жоқ, сонымен қатар «Құдай — рухани Әкем» деп, Өзін Құдаймен теңестірді. Содан біреулер Оны тұтқындамақ болды, бірақ Оған қарсы ешқайсысы қол көтермеді. Өйткені Исаның өз жанын қиятын уақыты әлі жетпеген еді.
Выбор основного перевода