Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тіпті дастарқандас боп нанымды жегенСырлас досым, өзім толықтай сенген,Енді мені теуіп жіберу үшінМаған қарсы көтерді өз өкшесін. Тамақ ішіп отырғанда Иса оларға қарап:— Сендерге шындығын айтайын: араларыңдағы біреу Маған опасыздық жасайды, — деді. Олар дастарқан басына жайғасып, тамақ ішіп отырғанда, Иса:— Сендерге шындығын айтайын: Менімен бірге тамақ ішіп отырған сендердің біреуің Маған опасыздық жасайды, — деді. Осы сөзден кейін Иса іштей қатты толқып, салмақтап:— Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: араларыңдағы біреу Маған опасыздық жасайды, — деді.
Выбор основного перевода