Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар күнәларын мойындаған соң, Жақия оларды Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді. Мен сендерді теріс жолдан қайтқандарыңның белгісі ретінде суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіземін. Ал менен құдіретті Біреу менен кейін келе жатыр. Ол сендерді Киелі Рухына әрі отқа шомылдырады. Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын. Осы сөздерге сай, Жақия пайғамбар (Иордан алқабындағы) иен далада пайда болып, кездестірген адамдарына былай деп уағыз айтты: «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Соның белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді». Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіздім, ал Ол сендерді Құдайдың Киелі Рухына шомылдырады». Содан Жақия Иордан өзенінің бойындағы барлық өңірді аралап былай деп уағыз айтты: «Күнәларыңа өкініп теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер, әрі шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді». Жақия бәріне былай деп жауап берді:— Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіземін. Ал менен құдіретті Біреу келе жатыр. Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын. Ол сендерді Құдайдың Киелі Рухына және отқа шомылдырады. Олар Жақияға сұрақ қойып:— Егер сен не Мәсіх, не Ілияс, не келуге тиісті пайғамбар болмасаң, неліктен адамдарды (Құдай жолына түсіріп) суға шомылдыру рәсімінен өткізесің? — деді. атап айтқанда, Жақия пайғамбар адамдарды теріс жолдан қайтуға шақырып, шомылдыру рәсімінен өткізген кезден бастап, Иса бізден кетіп, Оны көкте Құдай қабылдап алған мезгілге дейін бізбен бірге болған азаматтардың біреуі болуы керек. Жақия адамдардың шомылдыру рәсімінен өтуі туралы уағыз айтқан еді; содан кейін Ғалилеядан бастап барлық яһуди елінде болған оқиғаларды да білесіздер: Иса келместен бұрын, Жақия пайғамбар Исраил халқына: «Теріс жолдан қайтып, шомылдыру рәсімінен өтіңдер!» — деп уағыз айтып жүрген еді. Иеміздің жолы туралы негізгі тәлім алған Аполлос Жақияның шомылдыру рәсімін ғана білсе де, Иеміз Иса туралы қызу сөйлеп, ұқыпты үйрететін. Ал Пауыл:— Кімнің суға шомылдыру рәсімінен өттіңдер? — деп сұрады. Олар:— Жақияның рәсімінен, — деп жауап қайтарды.
Выбор основного перевода