Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оны тұтқындамақ болды. Алайда Исаны пайғамбар деп қадір тұтқан халықтан қорқып, соған батылдары бармады. Исаның өздері туралы астарлап айтқанын ұққан дінбасылар Оны тұтқындамақ болды. Алайда олар халықтан қорыққандықтан Исаны тастап, жөндеріне кетті. Құтқарылу және Ашымаған нан мейрамдарына екі-ақ күн қалған еді. Басты діни қызметкерлер және дін мұғалімдері Исаны айламен қолға түсіріп, өлтірудің жолын қарастырды. Иса күн сайын ғибадатханада халыққа тәлім беріп жүрді. Басты діни қызметкерлер, дін мұғалімдері және рубасылар Оның көзін құртудың жолын іздеді, Басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері Исаның көзін құртудың жолын қарастырды, себебі олар халықтан қорықты. Бұдан кейін яһуди басшылары Исаға бұрынғыдан бетер қарсы шығып, Оны өлтірмекші болды. Себебі Ол солардың демалыс күні туралы ережелерін ғана бұзған жоқ, сонымен қатар «Құдай — рухани Әкем» деп, Өзін Құдаймен теңестірді. Содан біреулер Оны тұтқындамақ болды, бірақ Оған қарсы ешқайсысы қол көтермеді. Өйткені Исаның өз жанын қиятын уақыты әлі жетпеген еді.
Выбор основного перевода