Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алпыс екі рет «жеті кезең» өткен соң Құдай тағайындаған Билеуші құрбан етіледі, Оның қолында түк жоқ болып қалады. Өзге бір билеуші әскерлерімен келіп, қаланы да, киелі үйді де қиратып, топан судай талқандайтын болады. Сол заманның соңына дейін соғыс болып, Құдайдың бұйрығына сай барлығы қаңырап бос қалады. Ал мені өздеріне патша қылуды қаламаған жауларым болса, оларды осында алып келіп, көз алдымда құртыңдар! — дейді». Жоқ, мүлдем олай емес! Керісінше, адамдардың барлығы бірдей өтірікші болса да, Құдай берген сөзінен таймайды. Бұл туралы Забурда мынадай сөздер жазылған: Осылай айтқандарыңның әділ екені көрінеді, Сен айыпталғанда жеңімпаз болып шығасың. Жоқ, мүлдем олай емес! Құдай әділетсіз болса, қалайша әлемді Соттаушы бола алар еді? Біз «адамдар сенім арқылы ақталады» деп, Құдайдың заңын күшінен айырамыз ба? Жоқ, мүлдем олай емес! Керісінше, біз Құдайдың заңының күшін нығайтамыз. «Ал енді, яһудилер Мәсіхті қабылдамай күнә жасағанда Құдайдан біржола ажырап кетті ме?» — деп сұрасам деймін. Жоқ, мүлдем олай емес! Алайда олардың безіп кетуі арқылы басқа халықтарға құтқарылу жолы ашылды. Құдай осылай исраилдіктердің қызғанышын оятпақ.
Выбор основного перевода