Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ шақырсам да, тыңдаудан бас тарттыңдар,Құшағымды жайсам да, назар аудармадыңдар, Сонда естімеймін мұндайлар шақырғанмен,Мені таппайды шарқ ұрып іздегенмен, Сондықтан да сіздерге айтамын: Құдай өз Патшалығын сіздерден тартып алып, басқа бір халыққа тапсырмақ! Олар оның өнімін беріп тұратын болады. Сонда Пауыл мен Барнаба оларға батыл сөйлеп былай деді:— Құдайдың Ізгі хабарын алдымен сендерге уағыздауымыз керек еді. Алайда оны қабылдамай, өздеріңді мәңгілік өмірге лайықты санамайтын болсаңдар, онда басқа ұлттарға бет бұрамыз! Абай болыңдар, өздеріңе сөйлеп тұрған Тәңір Иені тыңдаңдар! Ежелде Оның тапсырмасымен жер бетінде сөйлеген Мұса пайғамбарды тыңдамай қойған Исраил халқы жазадан құтылмады. Ендеше бізге көктен сөйлеп тұрған Құдайдың Өзінен бас тартсақ, онда алатын жазамыздан одан бетер құтыла алмаймыз!
Выбор основного перевода