Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол жарлыны күл-топырақтан көтереді,Мүсәпірді мүшкіл күйінен құтқарады,Әміршімен бірге төрге отырғызады,Сыйлы орынды оған мұралыққа береді.Себебі жердің негізі — Жаратқанның меншігі,Ол үстіне орнатқан бүкіл дүниені. — Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты:Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған! Керісінше, той жасағанда дастарқаныңа жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды шақыр! Бірақ осы дүние кімдерді «ақымақ» деп санаса, Құдай «данышпан-ақылгөй» делінгендерді ұялту үшін соларды таңдап алды. Және осы дүние «күшсіз» деп тапқандарды Құдай «күштілерді» ұялту үшін Өзіне таңдады. Киелі Рух пен Қалыңдық: «Келе гөр!» — деп шақырады. Мұны естіген әркім де «Келе гөр!» десін. Жаны сусаған әркім сыйлық ретінде шынайы өмірдің суын қабылдасын!
Выбор основного перевода