Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал мен Құтқарушымның тірі екенін білемін! Ақырында Ол осы (өткінші) жерде (мені ақтап) тұратын болады! Сонда Патша оң жағындағыларға былай деп үкім шығарады:— Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар! Патша оларға былай деп жауап береді:— Сендерге шындығын айтамын: Менің мына бауырларымның тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасаған жақсылықтарың! Иса мұны естігенде:— Саған тағы бір нәрсе жетіспейді: қолыңдағы бар мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаны мұқтаждарға үлестіріп бер. Сонда сенің қазынаң көкте болады. Өзің қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер! — деді. Сонда өлгендер қабірден шығады: жақсылық жасағандары мәңгі өмір сүру үшін, ал жамандық жасағандары сотталу үшін тіріледі. Үлкенді-кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар ашылып, ерекше бір кітап — «Мәңгілік өмірдің кітабы» да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталып, үкімделді.
Выбор основного перевода